08.12.2025 16:49
«Ливерпуль» Салахтың орнына футболшы тапты
08.12.2025 16:49
«Борнмут» вингері Антуан Семеньо мансабын «Ливерпульде» жалғастыруы мүмкін

Express хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы 25 жастағы Гана дүлдүлін Мұхамед Салахтың орнын лайықты түрде баса алатын ойыншы ретінде көреді. «Қызылдар» қыста «Борнмутқа» келісімшартта көрсетілгендей 68,4 миллион еуро босату құнын төлеуге дайын екен. Оның үстіне Семеньо құрамасының жолдама ала алмауына байланысты Африка кубогына қатыспайды.
Осыған дейін Салах жақында «Ливерпульден» кетуі мүмкін екенін айтқан еді.
Семеньо осы маусымда АПЛ-де 14 матч өткізіп, алты гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды.