22.12.2025 12:00
«Ливерпуль» топ-қорғаушыға көз тікті
22.12.2025 12:00
«Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы маусым аяқталысымен бірден Бастониді қатарға қосуға білек сыбана кіріседі. «Қызылдардың» басшылығы 26 жастағы Италия ойыншысын Вирджил ван Дейктің орнын басатын футболшы деп біледі.
Сондай-ақ Алессандроға «Барселона» да қызығушылық танытып отыр екен.
Бастони осы маусымда 20 ойында бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.