18.10.2025 11:45
Лукаку қашан оралады?
18.10.2025 11:45
«Наполи» ойыншысы Ромелу Лукакудың жағдайы белгілі болды

Бельгиялық шабуылшы маусымдағы алғашқы матчын 18 желтоқсанда «Миланға» қарсы өткізуі мүмкін. Бұл кездесу Италия Суперкубогының жартылай финалы аясында Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған.
32 жастағы ойыншы 14 тамыз күні «Олимпиакосқа» қарсы жолдастық кездесуде сол аяғының сан бұлшық етінен ауыр жарақат алып, содан бері сегіз ойынға қатыспаған еді.
Лукаку өткен маусымда 38 ойында 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.