15.12.2025 14:32
Майну топ-клубқа ауысуға жақын
15.12.2025 14:32
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Кобби Майну мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 20 жастағы ағылшынды «Наполи» маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. Жақында Неаполь клубының өкілдері Коббидің агентімен байланысқа шығады екен.
Майнудың өзі де жалға ойнауға кетәрі емес. Ол Рубен Аморимнің тұсында бастапқы құрамда жиі шыға бермейді. Сондықтан Әлем чемпионатына бару үшін тұрақты түрде ойнап, көзге түскісі келеді.
Осы маусымда ол 11 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.