12.04.2026 12:56
«Манчестер Юнайтедтен» бір ойыншы кетеді
12.04.2026 12:56
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Мануэль Угарте жазда командадан кетеді

Николо Скираның хабарлауынша, манкуниандықтар оны сатуға дайын. Угартенің өзі де кеткісі келеді екен. Агент Хорхе Мендеш Мануэльді «Наполи», «Ювентус» және «Миланға» ұсыныпты.
«Қызыл сойқандар» оны 2024 жылы ПСЖ-дан 50 миллион еуроға сатып алған еді. 25 жастағы уругвайлық ойыншы осы маусымда 23 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.