02.08.2026 14:51
«Манчестер Сити» ойыншысы «Ювентуске» ауысуы мүмкін
02.08.2026 14:51
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Тиджани Рейндерс Италия А Сериясына оралуы мүмкін

La Stampa хабарлауынша, оған «Ювентус» қызығушылық танытуда. Туриннің клубы Рейндерсті жалға алу жолдарын қарастырып жатыр.
«Қалалықтар» 28 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысын 2025 жылдың жазында «Миланнан» 54,9 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 47 матчта жеті гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.