07.06.2026 14:39
«Манчестер Сити» ойыншысы «Тоттенхэмге» ауысуға жақын
07.06.2026 14:39
«Манчестер Сити» вингері Савио «Тоттенхэмге» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап алдын-ала келісімге келді және жақында 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Бас бапкер Роберто де Дзерби де оны өз командасында көргісі келеді.
Негізі Лондонның клубы 22 жастағы бразилиялық ойыншыны өткен жазда алғысы келген, бірақ «Манчестер Ситимен» келісу мүмкін болмады.
«Қалалықтар» Савионы 2024 жылы «Труадан» 25 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 36 матчта төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.