16.12.2025 19:19
Мбаппе ПСЖ-дан сұмдық ақша өндіріп алды
16.12.2025 19:19
Килиан Мбаппе ПСЖ-ны сотта сан соқтырып кетті

Іс 17 қарашада басталған еді. Мбаппе ПСЖ-дан келісімшартты ұзартудан бас тартқаннан кейін көрсетілген қысым үшін 263 миллион еуро талап еткен. Ал Париждің клубы «Әл-Хиләлмен» келісілген 300 миллион еуроның трансферін бұзғаны үшін Мбаппені 240 миллион еуроға тақырға отырғызғысы келді.
Сот нәтижесінде Мбаппе жеңіске жетті. Енді клуб «Реал» шабуылшысына 61 миллион еуро төлеуге міндетті. Бұған футболшының 2024 жылдың сәуірі мен маусымы аралығындағы жалақысы және сыйақылары кіреді.
Айта кетейік, Мбаппе ПСЖ намысын 2018-2024 жылдары қорғаған еді. Осы аралықта 308 матчта 256 гол соғып, 110 нәтижелі пас берді.