08.06.2026 12:37

Меньян АПЛ клубына ауысуы мүмкін

08.06.2026 12:37

«Милан» қақпашысы Майк Меньян мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Calciomercato хабарлауынша, оған «Челси» қызығушылық танытуда және 30 миллион еуроға сатып алуы ықтимал. Меньянның өзі АПЛ-ге ауысуға дайын екен.

«Россонерри» 30 жастағы Франция құрамасының голкиперін 2021 жылы «Лилльден» 16,4 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 41 матчта 38 гол өткізіп, 16 ойында қақпасына доп жібермеді және Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram