08.06.2026 12:14
Холанд Норвегия құрамасындағы 50-матчын өткізді
08.06.2026 12:14
Норвегия жолдастық кездесуде Мароккомен (1:1) тең тарқасты

Бұл матчта «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Норвегия құрамасындағы 50-ойынын өткізді.
25 жастағы форвард ұлттық командада 2019 жылы дебют жасаған еді. Содан бері 50 матчта 55 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
«Викингтер» биылғы мундиальда Франция, Сенегал және Иракпен I тобында ойнайды. Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.