12.12.2025 16:18
Мората жарақат алды
12.12.2025 16:18
Мората жарақатына байланысты наурызға дейін алаңға шықпайды

«Комо» клубының ойыншысы Альваро Мората жарақатына байланысты 3 айға алаңнан тыс қалды.
6 желтоқсанда «Интерге» қарсы А сериясының 14-тур матчы (0:4) кезінде алған сол жамбасындағы бұлшық еттің жарақаты испан футболшысының наурызға дейін алаңға шыға алмауына себеп болып отыр.
Еске сала кетейік, 33 жастағы шабуылшы осы жазда «Комо» клубына қосылып, жаңа команда үшін 15 матч өткізіп үлгерді. Сол ойындарда ол бір нәтижелі паспен көзге түсті.