13.04.2026 09:24

Мурики «Мальорканың» үздік сұрмергені атанды

13.04.2026 09:24

«Мальорка» шабуылшысы Ведат Мурики рекорд орнатты

31 жастағы косоволық форвард 31-турдағы «Райо Вальеканоға» (3:0) қарсы матчта дубль жасады. Осылайша ол «Мальорканың» Ла Лигадағы үздік сұрмергені атанды. Ішкі біріншіліктегі 55-голын соққан Ведат Самюэль Это'Оның (54 гол) рекордын бұзды.

Ал барлық турнирлерді есепке алғанда 94 гол соққан Жоан Морро Альберти – «Мальорканың» тарихтағы үздік бомбардирі.

Мурики «Мальорка» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 30 матчта 21 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram