13.04.2026 08:25
«Челси» сегіз жыл болмаған нәтижені қайталады
13.04.2026 08:25
Ағылшын Премьер-лигасының 32-турында «Челси» өз алаңында «Манчестер Ситиге» 0:3 есебімен есе жіберді

Осылайша Лондонның клубы ішкі біріншілікте екі матч қатарынан үш доп айырмасымен жеңіліп қалды. Өткен турда «ақсүйектер» «Эвертонға» (0:3) жол берген.
Соңғы рет мұндай 2018 жылдың ақпанында Антонио Контенің дәуірінде тіркелген. Ол кезде команда «Борнмут» (0:3) пен «Уотфордтан» (1:4) ұтылған.
32 турдан кейін 48 ұпай жинаған Лиам Росеньор шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында алтыншы орында келеді.