12.04.2026 21:17
Бернарду Силва рекорд орнатты
12.04.2026 21:17
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва рекорд жаңартты

31 жастағы ойыншы қазір өтіп жатқан «Челсиге» қарсы матчта бастапқы құрамда алаңға шықты. Осылайша ол Ағылшын Премьер-лигасында ең көп матч өткізген португалиялық ойыншы атанды.
Бернарду 297-матчына шығып, Луиш Боа Мортеге (296 матч) тиесілі болған рекордты бұзды. Сондай-ақ алдыңғы бестіктің қатарында Криштиану Роналду (236), Бруну Фернандеш (223) және Диогу Жота (190) бар.
Айта кетейік, Бернарду «Манчестер Сити» сапындағы соңғы маусымын өткізіп жатыр. Мұны бас бапкер Пеп Гвардиоланың көмекшісі Пеп Линдерс растаған еді.