12.04.2026 22:45

«Манчестер Сити» «Челсиді» тізе бүктірді

12.04.2026 22:45

Ағылшын Премьер-лигасының 32-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Челсиді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде Нико О'Райли, Марк Гехи және Жереми Доку гол соқты.

Осылайша «қалалықтар» 64-ұпайын еншілеп турнир кестесінде екінші орында қалды.

Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі турда 19 сәуір күні көш бастап тұрған «Арсеналды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram