12.04.2026 23:09
Шерки 10 жыл болмаған нәтижені қайталады
12.04.2026 23:09
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Райан Шерки 10 жылдан бері болмаған нәтижені қайталады

22 жастағы француз ойыншысы «Челсиге» (3:0) қарсы матчта екі нәтижелі пас берді.
Осылайша ол 2015/16 жылдан бері АПЛ-дегі дебют маусымында 10+ ассист жасаған алғашқы ойыншы атанды. Ол кездегі көрсеткішті «Вест Хэм» жартылай қорғаушысы Димитрий Пайе тіркеген.
Шерки «қалалықтардың» сапына өткен жазда «Лионнан» 36,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 42 матчта тоғыз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.