17.06.2026 05:17
Норвегия Иракты тізе бүктірді
17.06.2026 05:17
Әлем чемпионатының бірінші турында Норвегия Ирактан басым түсті

АҚШ-тың Фоксборо қаласында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. «Викингтердің» сапында Эрлинг Холанд дубль жасаса, Лео Остигард бір гол соқты. Сондай-ақ Аймен Хуссейн автогол авторы атанды.
Осылайша Норвегия I тобында көш бастады. Олар келесі турда 23 маусым күні Сенегалмен ойнайды.