13.04.2026 09:36
Облак «Барселонаға» қарсы ойнауға дайын
13.04.2026 09:36
«Атлетико» қақпашысы Ян Облактың жағдайы белгілі болды

Педро Фульянаның хабарлауынша, ол жарақатынан айықты және 14 сәуір күні Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында өтетін «Барселонаға» (2:0) қарсы қарымта матчқа қатысуға дайын. Бас бапкер Диего Симеоне оны бастапқы құрамда шығарады деп күтілуде, бірақ әлі нақты шешілмепті.
Осыған дейін Облак бұлшық етін зақымдап алып, кейінгі алты матчтан тыс қалған еді.
33 жастағы словениялық голкипер осы маусымда 37 матчта 47 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.