12.06.2026 08:53
Оңтүстік Корея камбэк жасады
12.06.2026 08:53
Әлем чемпионатының бірінші турында Оңтүстік Корея Чехияны тізе бүктірді

Мексиканың Сапопан қаласындағы «Акрон» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алғаш болып Ладислав Крейчи 59-минутта гол соққан еді. Бірақ Хван Ин-Бом 67-минутта және О Хен Гю 80-минутта мергендік танытып, командасына жеңіс әкелді.
А тобында одан бөлек Мексика Оңтүстік Африкадан (2:0) басым түскенін айта кетейік.