24.10.2026 20:11
«Ордабасы» «Жеңісті» жеңе алмады
24.10.2026 20:11
Қазақстан Премьер-лигасының 29-турында «Ордабасы» өз алаңында «Жеңіспен» тең тарқасты

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. 47-минутта «Ордабасы» қорғаушысы Ги-Марселин Килама өз қақпасына гол соғып алды. Абырой болғанда 70-минутта Эльхан Астанов таразы басын теңестірді. Сондай-ақ 66-минутта Жасұлан Әмір екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Шымкенттің клубы осы ойында жеңіске жеткен жағдайда мерзімінен бұрын чемпион атанатын еді. Енді «Қайратқа» басты қарсыласын қуып жету мүмкіндігі туды. «Ордабасы» турнир кестесінде 68 ұпаймен көш бастап тұр. Қосымша бір ойыны бар Алматы клубының еншісінде 63 ұпай бар.
Андрей Мартин шәкірттері соңғы турда 31 қазан күні «Ертіске» қонаққа барады. Ал «Қайрат» ертең «Ақтөбемен» түзде ойнап, чемпионатты «Орталық» стадионда «Алтайға» қарсы ойынмен аяқтайды.