26.07.2026 21:23
ПСЖ Аклиуш үшін төртінші ұсынысын жасамақ
26.07.2026 21:23
ПСЖ «Монако» вингері Магнес Аклиушты қатарына қосқысы келеді

L'Equipe хабарлауынша, Париждің клубы трансфер үшін «Монакоға» төртінші рет ұсыныс жасамақ. Бұған дейінгі үшеуін монегаскілер қабылдамаған.
«Монако» Аклиушты 50 миллион еуроға бағалайды, ал ПСЖ-ның ұсынғандары 35 миллионнан аспай тұр.
24 жастағы Франция құрамасының вингері өткен маусымда 43 матчта жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.