26.07.2026 20:59

«Қайрат» «Ордабасыны» тізе бүктірді

26.07.2026 20:59

Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында «Қайрат» өз алаңында «Ордабасыны» тізе бүктірді

Алматыдағы «Орталық» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында 14-минутта Марк Гуаль және 87-минутта Ойва Юккола мергендік танытты. «Ордабасының» жалғыз голын болса 90+3-минутта Бьорн Йонсен соқты.

Осылайша «сары-қаралар» 45-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде көш бастады. Ал 43 ұпайы бар Шымкенттің командасы екінші орында келеді, бірақ «Ордабасының» кейінге шегерілген бір ойыны бар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram