09.02.2026 07:24
ПСЖ «Марсельді» тас-талқан етті
09.02.2026 07:24
Франция Бірінші лигасының 21-турында ПСЖ өз алаңында «Марсельді» 5:0 есебімен тізе бүктірді

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде Осман Дембеле дубль жасаса, Хвича Кварацхелия мен Ли Кан Ин бір реттен мергендік танытты. Сондай-ақ Факундо Медина өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша Париждің клубы 51-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде көш басында қала береді.
Луис Энрике шәкірттері келесі турда 13 ақпан күні «Реннге» қонаққа барады.