15.12.2025 16:23

«Қайрат» алғашқы трансферін жасады

15.12.2025 16:23

Яакко Оксанен «Қайрат» ойыншысы атанды

«Сары-қаралар» финляндиялық жартылай қорғаушымен 2027 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

25 жастағы ойыншы Алматының клубына КуПС-тан ауысып келді. Оған дейін «Уимблдон», «Мортон» және «Брентфордтың» екінші командасында доп тепкен.

Осы маусымда жалпы 51 матчта төрт гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Финляндия Ұлттық құрамасында бір және U-21 жастар командасында 15 ойынға қатысқан.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram