28.07.2026 12:54

Рафаэл Леау «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін

28.07.2026 12:54

«Милан» вингері Рафаэл Леау мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

Ягыз Сабунджуоглудың хабарлауынша, оған «Фенербахче» қызығушылық танытуда. Ыстамбұлдың клубы Леау үшін 40 миллион еуро ұсынуға дайын. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.

«Россонерри» Леауды 2019 жылы «Лилльден» 49,5 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы португалиялық ойыншы өткен маусымда 31 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram