30.12.2025 14:16
Рамос Еуропаға оралуы мүмкін
30.12.2025 14:16
«Реал» мен ПСЖ-ның бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос Еуропаға оралуы мүмкін

Actu Foot хабарлауынша, 39 жастағы испан ойыншысы мансабын Францияда жалғауы мүмкін. Қазір ол «Ниццамен» келіссөз жүргізіп жатыр екен. Серхионың өзі де топ-5 чемпионатта қайта ойнауды қалап тұр.
Осыған дейін Рамостың «Монтерреймен» ертең, 31 желтоқсанда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтыны туралы хабарланған еді.
Ол осы маусымда 25 матчқа қатысып, төрт гол соқты.