01.12.2025 08:22
«Реал» 2019 жылғы нәтижесін қайталады
01.12.2025 08:22
Испания Ла Лигасының 14-турында «Реал» сырт алаңда «Жиронаны» (1:1) жеңе алмады

Осылайша «бланкос» ішкі біріншілікте үшінші матч қатарынан тең ойнады. Бұған дейін «Райо Вальекано» (0:0) және «Эльчемен» (2:2) ұпай бөліскен.
Соңғы рет мұндай сәтсіздік 2019 жылы тіркелген екен. Ол кезде команданы Зинедин Зидан жаттықтырған еді.
14 ойыннан кейін 33 ұпай жинаған Хаби Алонсоның шәкірттері турнир кестесінде екінші орында тұр.