08.12.2025 18:32

«Реал» ойыншысы қатардан шықты

08.12.2025 18:32

«Реал» қорғаушысы Эдер Милитао жарақат алды

27 жастағы Бразилия ойыншысы «Сельтаға» (0:2) қарсы матчта сол аяғының тізе асты сіңірін зақымдап алып, 24-минутта алаңдағы орнын босатты.

Осыған байланысты шамамен төрт ай алаңға шыға алмайды.

Бұл оның мансабындағы 15-жарақаты болды. Осыған дейін 713 күні емделуге кетіп, 146 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 16 ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram