08.12.2025 17:59

Түрік клубы Лукманға көз тікті

08.12.2025 17:59

«Галатасарай» қаңтарда Лукманды сатып алуды жоспарлап отыр

«Аталанта» шабуылшысы Адемола Лукман қысқы трансфер кезеңінде «Галатасарайдың» басты мақсаты болып тұр, деп хабарлайды инсайдер Николо Скира.

Дереккөз мәліметінше, түрік клубы қаңтар айында 28 жастағы футболшымен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

«Аталанта» Лукманды 2022 жылдың жазында «Лейпцигтен» 10,85 млн еуроға сатып алған. Қазіргі маусымда ол 14 матчта 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram