08.12.2025 16:52

Алонсо пікір білдірді

08.12.2025 16:52

Алонсо: «Жоғалтқан ұпайлар шешуші рөл атқармайды»

«Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лиганың 15-туры аясында «Сельтадан» (0:2) өз алаңында жеңіліп қалғаннан кейін пікір білдірді.

«Бұл - футбол екенін түсінеміз, әрине. Талаптардың қандай екенін білеміз, жеңілістер өте ауыр тиеді, бірақ біз болашаққа қарауымыз керек. Бұл - әрқайсымыздың жауапкершілігіміз, барлығымыз жұмысымызды дұрыс орындауға ұмтылуымыз қажет. Жоғалтқан ұпайлар маңызды екенін білеміз, бірақ бұл шешуші рөл атқармайды. Қазіргі жағдай, әрине, ауыр, бірақ біз болашаққа қарап, осы клуб талап ететін жоғары міндеттерді орындауымыз қажет», - деді Алонсо.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram