17.04.2026 15:37
«Реалдан» жеті ойыншы кетеді
17.04.2026 15:37
«Реал» осы жазда құрамға біршама өзгеріс енгізбек

El Mundo хабарлауынша, Мадридтің клубы жеті ойыншысымен қош айтыспақ. Атап айтсақ, «бланкос» Рауль Асенсио, Гонсало Гарсия, Дани Себальос және Эдуардо Камавинганы сату туралы шешім қабылдады. Ал Франко Мастантуоно жалға берілсе, Дани Карвахаль мен Дэвид Алаба келісімшарттың аяқталуына байланысты клубтан кетеді.
Айта кетейік, 31 турдан кейін 70 ұпай жинаған Альваро Арбелоаның шәкірттері Испания Ла Лигасында екінші орында келеді.