11.11.2025 09:19
Роберто Манчини бапкерлікке оралады
11.11.2025 09:19
Роберто Манчини Қатардың «Әл-Садд» клубын тізгіндейді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімге келіпті. Енді жуырда келісімшартқа қол қояды екен.
Манчини 2024 жылдың қазанында Сауд Арабиясы құрамасындағы қызметінен кеткеннен кейін жұмыссыз жүр. 60 жастағы италиялық маман одан бөлек Италия, «Зенит», «Интер», «Галатасарай», «Манчестер Сити», «Лацио» және «Фиорентина» командаларын жаттықтырған.
Ал тоғыз турдан кейін 14 ұпай жинаған «Әл-Садд» ішкі біріншілікте алтыншы орында келеді.