27.02.2026 11:20
Родригоға бес клуб көз тікті
27.02.2026 11:20
«Реал» вингері Родригоға бес клуб қызығушылық танытуда

Экрем Конурдың хабарлауынша, 25 жастағы бразилиялық ойыншы үшін «Интер», «Әл-Хиләл», «Арсенал», «Челси» және «Тоттенхэм» таласпақ.
Родригоның өзі «Реалда» қалғысы келеді, бірақ аз ойнайтынына наразы екен.
Ол осы маусымда 26 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.