08.02.2026 13:54
Роналду «Интер Майамиге» ауысуы мүмкін
08.02.2026 13:54
«Әл-Наср» дүлдүлі Криштиану Роналду «Интер Майамиге» ауысуы мүмкін

Кейінгі күндері 41 жастағы португалиялық шабуылшының Саудия клубынан кетуі мүмкін екен туралы қауесет тараған еді.
TCR хабарлауынша, «Интер Майами» осыны пайдалана отырып, Кришті қатарына қосып алғысы келеді. Клуб басшысы Дэвид Бекхэм оған ұсыныс жасауды шындап қарастырып жатыр екен. Дэвид Роналду мен Мессидің басын қосуды армандайды.
Роналду «Әл-Насрға» 2023 жылдың қаңтарында қосылған еді. Ал Месси «Интер Майами» намысын 2023-тің тамыз айынан бері қорғап келеді.