28.12.2025 14:32
Стерлинг АПЛ-де клуб ауыстыруы мүмкін
28.12.2025 14:32
«Челси» вингері Рахим Стерлинг жақында клубтан кетуі мүмкін

Fichajes хабарлауынша, оған «Ньюкасл» қызығушылық танытуда. «Сауысқандар» 31 жастағы ағылшынды 20 миллион фунт стерлингке сатып алу құқығымен жалға алғысы келеді. «Челси» де қыруар жалақыны қалтасына басып отырған Рахимді мейлінше тезірек сатып құтылғысы келеді екен.
Айта кетейік, Стерлинг осы маусымда бірде-бір матчқа қатысқан жоқ. Ол былтыр «Арсеналда» жалға ойнап 28 матчта бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.