12.02.2026 21:48
Стерлинг «Фейеноорд» ойыншысы атанды
12.02.2026 21:48
Рахим Стерлинг «Фейеноорд» ойыншысы атанды

33 жастағы ағылшын вингері еркін агент ретінде келіп, маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Рахимнің соңғы клубы «Челси» болған еді. Ол Лондонның ұжымынан 28 қаңтар күні кетті. Стерлинг осы маусымда бірде-бір матч өткізген жоқ. Ал былтыр «Арсеналда» жалда ойнап, 28 матчта бір гол соғып, бес нәтижелі пас берген.