08.12.2025 20:19
Тер Штеген қатарға оралуға жақын
08.12.2025 20:19
Ханс-Дитер Флик: «Тер Штеген ертең-ақ қатарға қосылуы мүмкін»

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик қақпашы Марк-Андре тер Штеген Чемпиондар лигасындағы «Айнтрахтқа» қарсы матчқа алаңға қайта оралуы мүмкін екенін айтты.
«Тер Штеген ертең-ақ қатарға қосылуы мүмкін. Оның қайта оралғанына қуаныштымын», - деді Флик.
Қақпашы арқа жарақатына байланысты бірнеше ойынды өткізіп алған еді.