29.06.2026 16:58
Тонали қайда ауысатынын шешті
29.06.2026 16:58
«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали «Тоттенхэмге» ауыспақ

HandofArsenal хабарлауынша, ол Лондонның клубына қосылғысы келеді. «Тоттенхэмнен» бөлек Тоналиге «Арсенал», «Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» көз тіккен еді.
26 жастағы италиялық ойыншы «сауысқандардың» сапына 2023 жылы «Миланнан» 60,8 миллион еуроға ауысып келген. Ол өткен маусымда 53 матчта үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.