01.03.2026 16:01
Вальвердеге үш клуб көз тікті
01.03.2026 16:01
«Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальвердеге үш клуб қызығушылық танытуда

E-Notícies хабарлауынша, 27 жастағы уругвайлық ойыншыны «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед» және «Бавария» өз қатарынан көргісі келеді. Егер Федерико «Реалдан» кететін болса, аталған клубтар оны сатып алуға дайын екен.
Вальверде осы маусымда 36 матчта екі гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.