22.10.2025 08:59
«Вильярреал» – «Барселона» матчы АҚШ-та өтпейтін болды
22.10.2025 08:59
«Вильярреал» мен «Барселона» арасындағы кездесуді АҚШ-та өтпейтін болды

Бұл шешімді Ла Лига Испаниядағы қарсылыққа байланысты қабылдағанын мәлімдеді.
Бұған дейін Испания футбол федерациясы аталған матчты Майами қаласындағы «Хард-Рок» стадионында өткізуге келісім берген болатын. Алайда, бірқатар клубтар Ла Лига ойындарын шетелде ұйымдастыру бастамасына қарсы шығып, өз наразылықтарын білдірді.
Өткен турда футболшылар да мұны құптамай, матчтың алғашқы 10–15 секундында қозғалыссыз тұрды.
Ла Лиганың 17-туры аясындағы кездесу 21 желтоқсанға жоспарланған.