06.08.2026 22:44

Винисиус «Реалмен» келісімшартты ұзартады

06.08.2026 22:44

«Реал» вингері Винисиус Жуниор клубта ұзаққа қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап жақында 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.

Винисиус ешқашан «Реалдан» кеткісі келмеген. Сондай-ақ клуб президенті Флорентино Перес те, жаңа бас бапкер Жозе Моуринью да оның қалғанын қалады.

«Бланкос» 26 жастағы бразилиялық ойыншыны 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram