26.12.2025 17:16

Влахович «Миланға» ауысуы мүмкін

26.12.2025 17:16

«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович «Миланға» ауысуы мүмкін

Tuttomercatoweb хабарлауынша, «россонери» Душанның агентімен байланысқа шыққан. Миланның клубы 25 жастағы серб шабуылшысын маусым соңында қатарына еркін агент ретінде қосып алуды көздейді.

Влахович осы маусымда 17 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның «Ювентуспен» келісімшарты 30 маусымда күшін жояды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram