04.04.2026 20:04
Холанд Кейннің рекордын жаңартты
04.04.2026 20:04
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия кубогының ширек финалы аясында «Ливерпуль» қақпасына (4:0) үш гол соқты

Осылайша ол «Манчестер Ситиге» қосылған сәттен бері жасаған хет-триктер санын 12-ге жеткізді. Яғни 2022 жылдың шілдесінен бері топ-5 лигада ең көп хет-трик жасаған ойыншы атанды. Бұл аралықтағы рекорд қазір «Баварияда» ойнайтын Харри Кейнге (11 хет-трик) тиесілі болған еді.
25 жастағы норвегиялық форвард осы маусымда 44 матчта 33 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.