22.07.2026 18:37
Заир-Эмери «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
22.07.2026 18:37
ПСЖ жартылай қорғаушысы Уоррен Заир-Эмери мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Top Mercato хабарлауынша, оны «Манчестер Юнайтед» өз қатарынан көргісі келеді және 60 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын. Ал ПСЖ жас жұлдызынан айырылғысы келмейді.
20 жастағы Франция құрамасының ойыншысы өткен маусымда 54 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.