02.02.2026 08:31

Зинченко «Аяксқа» ауысты

02.02.2026 08:31

Олександр Зинченко «Аякс» ойыншысы атанды

Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Амстердамның клубы 29 жастағы украиналық қорғаушыны «Арсеналдан» 1,5 миллион еуроға сатып алды. Олександр жаңа клубында 47-нөмірмен тер төгеді.

Зинченко маусымның алғашқы бөлігін «Ноттингем Форестте» жалда өткізген еді. Ол сонда 10 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram