11.11.2025 11:57
Зинедин Зидан: жақында ораламын
11.11.2025 11:57
«Реалдың» бұрынғы бапкері Зинедин Зидан бапкерлікке оралатынын айтты

– «Бапкер ретіндегі мансабым әлі аяқталған жоқ. Жақында жұмысқа ораламын. Аз қалды»,– деді 53 жастағы маман.
Зидан Мадридтің клубын 2016-2021 жылдар аралығында жаттықтырған еді. Осы аралықта командамен бірге 11 трофей жеңіп алды. Сондай-ақ екі маусым (2016/17, 2017/18) қатарынан жылдың үздік бапкері атанды.
Айта кетейік, «Зизу» «бланкостан» кеткелі бері жұмыссыз жүр.