29.11.2025 12:22

Жоан Лапорта Араухоға қолдау білдірді

29.11.2025 12:22

«Барселона» президенті Жоан Лапорта Рональд Араухоға қолдау білдірді

– «Араухоны қорғап, оған қолдау білдіргім келеді. Оны халық аямай сынап тастады. Меніңше, бұл дұрыс емес. Ол – біздің лидер, команда үшін алаңда жанын салады. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Тек қиын кезеңде сынып қалмау керек,– деді Лапорта.

Айта кетейік, Араухо Чемпиондар лигасындағы «Челсиге» (0:3) қарсы ойынның 44-минутында алаңнан қуылып кеткен еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram