09.02.2026 15:07
Жоан Лапорта «Барселонадан» кетті
09.02.2026 15:07
«Барселона» президенті болған Жоан Лапорта орнын босатты

Енді алда сайлау өтеді. Нақтырақ айтсақ, 3-5 наурыз аралығында үміткерлер тізімі жарияланды. Ал 15 наурыз күні дауыс беру кезеңі болады.
Оған дейін уақытша президент қызметін Рафа Юсте атқарады.
Айта кетейік, Лапорта бұған дейін «блаугрананы» 2003-2010 жылдар аралығында тізгіндеген еді. Одан соң 2021 жылы қайта оралып, күні бүгінге дейін жетекшілік етті.