29.11.2025 13:08

2026 жылғы «Алтын допқа» басты үміткерлер аталды

29.11.2025 13:08

Score 90 нұсқасы 2026 жылғы «Алтын доптан» дәмелі 10 футболшыны атады

Рейтингтің көшін «Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппе бастады. Екінші орынға «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд жайғасса, үштікті «Арсенал» тұтқауылы Деклан Райс түйіндеді.

Сондай-ақ үздік ондыққа Харри Кейн («Бавария»), Ламин Ямаль («Барселона»), Винисиус Жуниор («Реал»), Майкл Олисе («Бавария»), Педри («Барселона»), Витинья (ПСЖ) және Джуд Беллингем («Реал») кірді.

Айта кетейік, биылғы жүлдені ПСЖ вингері Осман Дембеле жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram