29.11.2025 12:44
«Манчестер Сити» шабуылшысы Лондонның клубына ауыспақ
29.11.2025 12:44
«Манчестер Сити» шабуылшысы Савио клуб ауыстыруы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, Бразилия вингеріне «Тоттенхэм» әлі де қызығушылық танытуда. Ал «Манчестер Сити» 21 жастағы ойыншыны 50 миллион фунт стерлингке бағалап отыр.
Лондонның клубы Савионы өткен трансфер кезеңінде алғысы келген. Алайда ол кезде келіссөз орта жолдан үзіліп қалған еді.
Савио осы маусымда 15 ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.